Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сәйкестiлiгiн қалыптастыру тұжырымдамасы туралы
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк
саясат жөнiндегi ұлттық кеңестiң 1996 жылғы 29 ақпанда өткен
мәжiлiсiнде айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескерiле отырып
пысықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сәйкестiлiгiн
қалыптастыру тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және Бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi (А.Сәрсенбаев) тұжырымдаманың
мәтiнiн "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерiнде
жарияланатын және жеке басылыммен қазақ және орыс тiлдерiнде кiтапша
етiп шығаратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi