Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттiк қызметшiлердiң салық салынуға тиiс кiрiстерi мен мүлiгiн мәлiм етуi туралы

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi, Республика Президентiне тiкелей бағыныстағы және оған есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары он күн мерзiмде салық қызметi органдарына өздерiнiң салық салу объектiлерi болып табылатын алған кiрiстерi және меншiк құқығы бойынша өздерiнiң еншiсiндегi мүлiгi туралы мәлiмет беретiн болсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi (Қажыгелдин Ә.М.): 
      1) бiр ай мерзiмде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 15-бабы 2-тармағының және 20-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының атқарылуы туралы баяндайтын болсын; 
      2) он күн мерзiмде мемлекеттiк қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасы Парламентi және мәслихаттары депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, судьялардың, Ұлттық Банктiң және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың лауазымды адамдарының өздерiнiң кiрiстерi мен мүлiгi туралы мәлiмдеулерiн мiндеттi түрде жыл сайын ұсынып отыруын көздейтiн заң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзетiн болсын. 
      3. Осы Өкiмнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне (Әбдiкәрiмов О.) жүктелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.