Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Бурабай таулы орман алқабын қорғауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

      Көкшетау облысындағы Бурабай таулы орман алқабының бiрегей табиғи кешенiн сақтау, халықтың осы ауданның курорттық-санаториялық аймағында демалу жағдайын жақсарту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) "Бурабай" орман шаруашылығын қазiргi шекарасының шегiнде "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенi етiп қайта құрсын;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасын бiрлесiп, "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң Жарғысын әзiрлеп бекiтсiн, онда өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды күшейтудi, осы аймаққа неғұрлым етене табиғат учаскелерiн табиғи қалпында сақтауды; арнайы рұқсатсыз осы кешен аумағында әуесқойлық және спорттық аңшылыққа тыйым салуды, ғылымның озық жетiстiктерi мен осы заманғы технологиялар негiзiнде рұқсат етiлген орман шаруашылығы және орманды қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудi көздейтiн болсын;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасымен бiрлесiп, "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң қызметiн қаржыландыру мәселесiн қарасын;
      алаңдарды орман орналастыру бойынша нақтыланғаннан кейiн "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң ормандарын қорғау санаттары бойынша бөлудi бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Қазақстан орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институты "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiне қажеттi орман шаруашылығы шараларын ұйымдастыру мен жүргiзуде ғылыми әдiстемелiк көмек көрсетсiн, ормандардың жай-күйiне бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн. 3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Президентi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.