Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне селолық жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшiн, сынып жетекшiлiгі үшiн, жазба жұмыстарын, дәптерлерiн тексергенi үшiн, оқу кабинетiнiң меңгерушiлігі үшiн, пәндердi тереңдетiп оқытқаны үшiн қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1876 қаулысына өзгерiс енгізу туралы


      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Білiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне селолық жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, жазба жұмыстарын, дәптерлерiн тексергенi үшiн, оқу кабинетiнiң меңгерушiлiгi үшiн, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшiн қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1876 P991876_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      ескертулердiң 6-тармағы мына редакцияда жазылсын: "Жазғы, күзгi, қысқы және көктемгi каникулдар кезiнде бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне жалақы, олардың лауазымдық жалақысының (тарифтiк ставкаларының) 100 процентi мөлшерiнде, жоғарыда аталған қосымша ақылар, үстеме ақылар және апталық оқу жүктемесінен артық жүктеме есептелместен төленедi". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.