Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Есiрткі, психотроптық, күштi әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсiру жөнiндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 қаулысына, Пленумның 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 2 қаулысымен енгізілген өзгерiстермен бірге, өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң K970167_ 259, 263 және 265-баптарының редакциясына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы N 47-II Z000047_ Заңымен енгізілген өзгерiстерге байланысты, сондай-ақ заңдарды қолданудағы бiркелкілiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Есірткi, психотроптық, күшті әсер ететiн және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөнiндегi істер бойынша заңдарды қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы N 3 қаулысына P98003S_ Пленумның 1999 жылғы 30 сәуiрдегі N 2 Р99002S_ қаулысымен енгізiлген өзгерiстермен бiрге, мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      1. Қаулының атауындағы және кiрiспедегi, 11-тармақтағы, 13-тармақтың


      екiншi абзацындағы "күштi әсер ететiн", "өте күштi әсер ететiн" сөздерi

      алынып тасталсын.

      2. Қаулының 1 және 5-тармақтары "дайындауға" сөзiнен кейiн "немесе

      қайта өңдеуге" сөздерiмен толықтырылсын.

      3. 11 тармақ "дайындауға қолданылатын" сөздерiнен кейiн "заттардың,"

      сөзiмен толықтырылсын.

      4. 7-тармақтың үшiншi абзацы және 8-тармақ алынып тасталсын.

      5. 14-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Өздерiнiң қызмет бабы

      бойынша есiрткi, психотроптық және улы заттарға, оларды дайындауға немесе

      қайта өңдеуге пайдаланатын құрал-жабдықтарға қатысы бар лауазымды және

      лауазымсыз тұлғалар, сондай-ақ аталғандар оларға қызмет бабы бойынша

      пайдалануға немесе сақтауға берiлген адамдар Қылмыстық кодекстiң

      K970167_

      260-бап екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 263-баптың үшiншi бөлiгінде және

      265-бабында көрсетiлген қылмыстардың субъектiлерi болып табылады".

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Пленум хатшысы,

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Багарова Ж.А.