Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі
агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26
наурыздағы N 304
P990304_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1999 ж., N 10, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
9-тармақтың үшінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз
"республикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшадағы "тапсырысшылар жүргізетін" деген сөздер алынып
тасталсын;
2) тармақшадағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және өз құзыретінің
шегінде оларды қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен сатып алуды
жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
жөніндегі заңдарын қолдану мәселелері бойынша сол заемдар туралы
келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу;";
8) тармақшадағы "шығару" деген сөз "шығаруды ұйымдастыру" деген
сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы
заңдарын қолданудың тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу;";
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдар мен мекемелерден жүргізілген мемлекеттік
сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың
қаражаты есебінен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептерді, ақпараттар
мен материалдарды сұратуға және алуға;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) мемлекеттік сатып алудың рәсімдері бұзылған жағдайда
конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға немесе қайтадан конкурстар
өткізуге бастама жасауға;";
19-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңдарда белгіленген тәртіппен:
Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу жөнінде және оларға материалдық
көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды;
Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бұйрықтар шығарады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.