Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi"
туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
P990592_
қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ережеде:
1 "Жалпы ережелер" деген бөлiмнiң 9-тармағының мемлекеттiк тiлдегi
мәтiнi дұрыс;
2 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары" деген бөлiмде:
10-тармақта:
2) тармақша "өз құзыретiнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
"сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;
", сондай-ақ мемлекеттiк органдар дайындаған, Қазақстан
Республикасының Үкiметiне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен
қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу" деген сөздермен
толықтырылсын;
6) тармақшада:
"әзiрлеу" деген сөз "әзiрлеудi ұйымдастыру" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"агенттiк төрағаларының" деген сөздер "агенттiктер басшыларының және"
деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр
Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң
материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк
органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және
құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн
заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобалары
бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша
қорытындылар мен анықтамалар дайындау";
9) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн ", оның
орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен
толықтырылсын;
10) тармақшадағы "қаулылар шығару" деген сөздер "Үкiметтiң қаулылары
мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел
пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттiк органдардың
вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес
қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң
орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық
кеңестер өткiзудi ұйымдастыру";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалү барысы туралы
Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы
баяндамасын дайындауға қатысу";
14) тармақшадағы "дайындау" деген сөз "дайындауды ұйымдастыру" деген
сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшада "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның
орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы
бойынша Yкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын
мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына
жеткiзу";
18) тармақша "сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге
де ақпараттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық камтамасыз етуге
қатысу";
11-тармақта:
1) тармақшадағы "Премьер-Министрiнiң" деген сөздерден кейiн "және
Үкiметiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр
Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу
туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын
материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу";
12-тармақта:
5) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның
орынбасарларының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрге нормативтiк құқықтық
актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда
тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару";
7) тармақшадағы "қайтару" деген сөздiң алдынан "жолдау және" деген
сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң
жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген
жағдайларда оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрлерден (агенттiктер
төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды
тұлғаларын шақыру";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi
жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттiк органдармен нормативтiк құқықтық
актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртiбiмен Үкiметтiң
қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау";
10) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның
орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актiлерi мен
тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу
және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға
жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттiк
органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Премьер-Министр Кенсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша шешiмi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн
мiндеттi";
4 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру" деген бөлiмнiң
20-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын
адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады";
3) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөз "қызметкерлерiн
көтермелейдi және оларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "олардың арасындағы мемлекеттiк органдар енгiзетiн
мәселелердi қарау жөнiндегi функционалдық мiндеттердi нақты бөле отырып"
деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi";
2)
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.07.10.
N 1039 қаулысымен.
P001039_
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.