Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 P991872_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулыға 1-қосымшада:
      ІҮ "Шығыстар" деген бөлімде:
      13 "Басқалар" деген функционалдық топта:
      3 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау" деген ішкі функцияда:
      "615 Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі жолында: 1 "Әкімшілік шығыстар" деген бағдарламада: 1 "Орталық органның аппараты" деген кіші бағдарламаның 3-бағанындағы "89900" деген сан "71900" деген санмен ауыстырылсын; 2 "Аумақтық органдардың аппараты" деген кіші бағдарламаның 3-бағанындағы "92637" деген сан "110637" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.