Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

      Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 175-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбiнде:
      5-тармақтағы "107101 "Берешектiң түсуі" коды бойынша кiрiстердi қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Күннің қорытындысы бойынша бюджеттiк алулардың" сомасын есептеу кезiнде мынадай түсiмдер:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, заңнамада белгiленген тәртiппен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешектерiнiң есебіне өтелетiн жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерi;
      заңнамада белгiленген, қарыз алу лимитiнiң шегiнде аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардан осы мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебiнен жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер) есептелмейдi.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Бюджеттiк алу республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалардың шегiнде және бюджеттiк алуларды облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес ай сайын бөлумен қаржы жылы бойы жүргiзiледі. Республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы бiр ай iшiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiмен айқындалған бюджеттiк алудың сомасынан асып түскен жағдайда, заңнамада белгіленген тәртiппен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiс енгiзiледi.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.