Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "Төрағаның екі орынбасары" деген сөздер "Төрағаның үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі