Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттеріндегі:
      1 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоғары аттестациялық комиссия              62".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі