Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамын құру туралы

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңы мен "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмдiлiгін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Жас өркен" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Жас өркен" ААҚ) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) "Жас өркен" ААҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;

      2) "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" және "Дружные ребята" балалар мерзiмдi баспасөз басылымдарының мүлкiн "Жас өркен" ААҚ-ның жарғылық капиталына беру қарастырылсын;

      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-6-жолмен толықтырылсын:

      "123-6 "Жас өркен" ААҚ";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.

      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :

      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-1-жолмен толықтырылсын:

       " 224-1 "Жас өркен" ААҚ".

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі