Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 307 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Көмiр" әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру және "Қазақстан Республикасы көмiр өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмшесi" қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 ақпандағы N 307 P000307_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 112-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

 

     "6-1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң

"Қазақстан Республикасы көмiр өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген тау-кен

құтқару бөлiмшесi" қазыналық кәсiпорнының қызметкерлерiнiң қызметтiк

мiндеттерiн орындауы кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген

зиян үшiн мiндеттемелерiн Кәсiпорынға жүктеу туралы ұсынысына келiсiм

берiлсiн.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:   

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева А.Ж.    





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.