Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның, мемлекеттiк емес сыртқы заем тартуының жекелеген мәселелерi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "RJК Intегnаtiоnаl Тгаdinq LTD" компаниясы жасасқан 2000 жылғы 20 сәуiрдегi келiсiм-шартты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 953 P000953_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоғам сатып алатын Қазақстан Республикасының газ-көлiк және электр энергетикасы салаларындағы "Трактабель С.А." компаниясының активтерiне төлеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен "RJК Intегnаtiоnаl Тгаdinq LTD" компаниясынан 106 000 000 (жүз алты миллион) АҚШ доллары жалпы сомасына мемлекеттiк емес заем тарту туралы Қоғамның ұсынысы".
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер лимитiнiң шегiнде "RJК Intегnаtiоnаl Тгаdinq LTD" компаниясына 106 000 000 (жүз алты миллион) АҚШ доллары сомасына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн;
      көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктi берумен байланысты пайда болатын,

 

оның Қазақстан Республикасының алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз етуi

туралы Қоғаммен тиiстi келiсiм жасассын.

     3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi аталған жобаны

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк инвестицияларының 2000-2002 жылдарға

арналған бағдарламасына кiргiзудi қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Е Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі  



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.