Астықтың мемлекеттiк ресурстары мен резервiн басқаруды реттеу
мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк ресурстар мен резервтiң астығын пайдаланудың тәртiбiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30
қыркүйектегi N 1506
P991506_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы,
1999 ж., N 48, 460-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық
комитетiнiң бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк қоғамының
арнаулы есепшотына..." деген сөздер "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы"
жабық акционерлiк қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық
басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы
шотына..." деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын
зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963
P991963_
қаулысындағы:
2-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394
қаулысымен.
P010394_
2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы
мемлекеттiк ресурстарға астық сатып алу бағдарламасын iске асыру үшiн
Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң бақылауындағы валюталық және теңгелiк
арнаулы шот ашсын.
3. "2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын
зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 желтоқсандағы N 1963
P991963_
(2-тармақ) және "Отандық тауар өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы техникасымен
қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 8 ақпандағы N 187
P000187_
қаулыларымен айқындалған мақсаттарға төлем ақыларды жүргізу
Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бақылауындағы "ҚазАгроҚаржы"
жабық акционерлiк қоғамының арнаулы шотының тағайындалуы арқылы
айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы
министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiндегi "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлiк
қоғамының арнаулы шотындағы осы қаулының 3-тармағына сәйкес мақсаттарға
арналған ақшадан басқа ақшаны "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық
акционерлiк қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында
жаңадан ашылған валюталық және теңгелiк арнаулы шотына аударуды қамтамасыз
етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы
министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 1999 жылғы астықты мемлекеттiк
ресурстарға сатып алу үшiн бөлiнген кредиттiк қаражаттар бойынша
келiсiмдердi қайта жасасуды қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.