Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн пайдалану туралы

      Омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi салина артемиясы және гаммарус омыртқасыз су жәндiктерi мекендейтiн жер болып табылатын, оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн су айдындарының тiзбесiн заңнамада белгiленген тәртiппен анықтасын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi салина артемиясы мен гаммарусты, сондай-ақ олардың туындыларын Қазақстан Республикасынан тысқары заңсыз әкетудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. Заңсыз өндiру және Қазақстан Республикасынан тысқары әкету кезiнде алынған салина артемиясы мен гаммарус, сондай-ақ олардың туындылары заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына беруге жатады деп белгiленсiн. 4. <*> Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.04.10. N 408 қаулысымен. P020408_ 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.