Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Аграрлық ғылымды дамытуға және педагогика саласына елеулi үлес қосқан ғалымдарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 P000685_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "аграрлық ғылым саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн А.И. Бараев атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде);
      педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулерi мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы үш сыйлық (бiрiншiсi - 200 айлық есептiк көрсеткiш, екiншiсi - 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшiншiсi - 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде)".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.