Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінiң "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын;
      3) <*>
      Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.