Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау орталығын құрудың кейбір мәселелері

      Ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын әзірлеуге, шығаруға, жөндеуге және сатуға байланысты қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру, сондай-ақ әкелінетін өнімдердің сапасына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1.  күші жойылды
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.23. N  528  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасы ҰҚК "Қазарнаулыкәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган үш ай мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорында Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау орталығын құрсын;
      2) депозитке салу тәртібін әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі