Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерiн қолдау
мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "2001 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу туралы"
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155
P010155_
қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) 2001 жылғы егiннiң 9353-90 МЕМСТ-ға сай бидайдың үшiншi сыныпты
жұмсақ сорттарын, есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн
салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын
тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор
шартымен 80 (сексен) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 5 108 000 000
(бес миллиард бiр жүз сегiз миллион) теңге сомасына 419 000 (төрт жүз он
тоғыз мың) тоннаға дейiнгi көлемде, бұл ретте:
3 369 740 000 (үш миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жетi жүз
қырық мың) теңге сомасына 276 000 (екi жүз жетпiс алты мың) тоннаға
дейiнгi көлемде - көктемгi және жазғы қаржыландыру арқылы жеткiзiлiм
шарты негiзiнде (бұдан әрi - екi деңгейлi сатып алу): 2001 жылғы
1 мамырға дейiн 60 пайызға немесе 2 021 844 000 (екi миллиард жиырма
бiр миллион сегiз жүз қырық төрт мың) теңгеге дейiнгi мөлшерде және
2001 жылғы 1 шiлдеге дейiн 40 пайызға немесе 1 347 896 000 (бiр миллиард
үш жүз қырық жетi миллион сегiз жүз тоқсан алты мың) теңгеге дейiнгi
мөлшерде;
1 738 260 000 (бір миллиард жеті жүз отыз сегiз миллион екі жүз алпыс
мың) тенге сомасына 143 000 (бiр жүз қырық үш мың) тоннаға дейiнгi көлемде
- күзде, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде;
2) 2001 жылғы егiннiң 6293-90 МЕМСТ-ға сай үшiншi сыныпты
күрiш дақылының есепке алынған салмағының бiр тоннасы үшiн қосымша құн
салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын
тұлғалар үшiн - қосымша құн салығын есептемегенде, франко-элеватор
шартымен 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша 305 400 000 (үш жүз
бес миллион төрт жүз мың) теңге сомасына 20 000 (жиырма мың) тоннаға
дейiнгi көлемде, бұл ретте:
213 780 000 (екi жүз он үш миллион жетi жүз сексен мың) теңге
сомасына 14 000 (он төрт мың) тоннаға дейiнгi көлемде - екi деңгейлi
сатып алу арқылы: 2001 жылғы 20 мамырға дейiн 60 пайызға немесе 128 268
000 (бiр жүз жиырма сегiз миллион екi жүз алпыс сегiз мың) теңгеге дейiнгi
мөлшерде және 2001 жылғы 1 тамызға дейiн 40 пайызға немесе 85 512 000
(сексен бес миллион бес жүз он екi мың) теңгеге дейiнгi мөлшерде;
91 620 000 (тоқсан бiр миллион алты жүз жиырма мың) теңге сомасына
6 000 (алты мың) тонна көлемiнде - күзде, Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң қосымша шешiмiнiң негiзiнде, тек отандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлерден ғана мемлекеттiк сатып алу жүргiзудi қамтамасыз
етсiн.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2001 жылғы
1 қыркүйекке дейiн белгiленген тәртiппен күзгi сатып алудың шарттарын
регламенттейтiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын
енгiзсiн".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.