Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
6) тармақшадағы "10" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін.";
2) 2-тармақтағы "есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен
кешіктірмей" деген сөздер мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі
екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі
төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
3) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбындағы "Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі" деген
сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 13-жол алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
9-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ:
Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі, төраға;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда вице-министрі;
Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы - Қазақстан Республикасының
Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша);
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
Ізтілеуов Бейсенбай Ізтілеуұлы - "Қазақстан Эксимбанкі" ЖАҚ
басқармасының төрағасы".
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы ҮкіметініңҚазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы N 586 P990586_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 19, 206-құжат).
2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 P000155_ қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 P991940_ және 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы N 659 P000659_ қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 155
қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 29 қыркүйектегі N 1476
қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308
қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 138
қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 40-құжат).
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.