Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері

      "Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Масғұт Айқымбаевтың есімі берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік кәсіпорындар" 2-бөліміндегі реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы".
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.