"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты
оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2
сәуірдегі
Z010173_
Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен резидент заңды тұлғалары
үшін 2001 жылғы 4 шілдеден бастап 4 қазанға дейін мынадай алымдар түрлері
бойынша нөлдік ставка белгіленсін:
1) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдарды тіркегені үшін;
2) лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы
үшін;
3) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын және олар бойынша
мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
4) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін.
2. 2001 жылғы 4 шілдеден бастап 4 қазанға дейін:
1) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28
шілдедегі N 1037
P951037_
қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым төлеудің және оның ставкалары
тәртібінің "Алым ставкалары" IV бөлімі 7-тармағы 1-абзацының және
8-тармағының;
2) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16
тамыздағы N 1127
P951127_
қаулысымен бекітілген Жекелеген қызмет
түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы
ережеге қосымшаның;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316
P961316_
қаулысымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және ақпараттық қызмет көрсеткен
үшін төлем алу тәртібі туралы ереженің "Тіркегені және ақпараттық қызмет
көрсеткені үшін төлем мөлшері" 4-бөлімінің 6-тармағы а) және б)
тармақшаларының;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405
P961405_
қаулысымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін
алым төлеу тәртібі туралы ереженің "Алым ставкалары" IV бөлімі
6-тармағының үшінші және төртінші абзацтарының күші тоқтатыла тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары 2001 жылғы 4
шілдеден бастап 4 қазанға дейін Қазақстан Республикасының шаруашылық
жүргізуші субъектілері мен азаматтарына тиісті куәліктер мен лицензияларды
олардың жоғарыда аталған алымдарды төлеуі туралы түбіршекті немесе өзге де
төлем құжатын ұсынуынсыз беруді жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.