Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қайрат" спорт базасының мүліктік кешенін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алматы қаласы, Каблуков көшесі 30 мекен-жайы бойынша орналасқан "Қайрат" спорт базасының мүліктік кешені Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Алматы қаласының әкімімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген мүліктік кешенді Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
      3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге

 

қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 


P981141_


  қаулысына мынадай

өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі

393-2-жолмен толықтырылсын:

     "393-2. "Қайрат" футбол базасы  Каблуков көшесі, 30-үй";

     көрсетілген қаулыға 3-қосымшада реттік нөмірі 370-жол алынып

тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.






  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.