Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "2001 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 155 P010155_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3 369 740 000 (үш миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз қырық мың) теңге сомасына 276 000 (екі жүз жетпіс алты мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;"; 1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "213 780 000 (екі жүз он үш миллион жеті жүз сексен мың) теңге сомасына 14 000 (он төрт мың) тоннаға дейінгі көлемде - 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қаржыландыру арқылы жеткізілім шарты негізінде;"; 2-тармақтағы: "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы егіннің астығын екі деңгейлі мемлекеттік сатып алу ережесінде: атауындағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтағы "екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақта: бірінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзацтағы "Екі деңгейлі" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.