Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттік теледидар мен радионы дамытудың кейбір мәселелері туралы

      Теледидар мен радио саласында ақпараттық саясатты жүргізуде мемлекеттік тапсырысты орындайтын ұйымдарда телерадио бағдарламаларының сапасын көтеру, құрылымын оңтайландыру және мемлекет активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
      1) "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚТРРК" ЖАҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін "Хабар" агенттігі" жабық акционерлік қоғамына сенімгерлік басқаруға берсін;
      2) "ҚТРРК" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқару шартында "ҚТРРК" ЖАҚ-тың ішкі құрылымын (соның ішінде басқару органдары мен филиалдық желілерді) оңтайландыру, қаржылық, өндірістік және санаткерлік ресурстарды тиімді пайдалану, "Қазақстан-1" телеарнасында және "Қазақстан-РТ" радио арнасында хабарлар таратудың сапасын жақсарту мен тәуліктік орташа көлемін ұлғайту, кірісін арттыру мәселелерін көздесін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, облыстардың әкімдері:
      1) елдің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында телерадио хабарларын тарату саласындағы ақпараттық саясатты жүргізуге биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту, тәуліктік орташа хабарлар тарату көлемін ұлғайту және мемлекеттік телерадио бағдарламаларымен халықты қамту аймағын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізсін;
      2) келесі жылдардың бюджеттерін қалыптастыру кезінде осы міндеттерді

 

ескерсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Қасымбеков Б.А.





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.