Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі
жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыстарды
жүргізу кезеңіне Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) І хатшы
лауазымындағы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің
өкілі көзделсін.
2. "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214
P010214_
қаулысына мынадай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктердің, агенттіктердің және
ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттеріндегі:
реттік нөмірі 12-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бұдан басқа:
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Женева
қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкілі 1".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б.