Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлау туралы" 2001 жылғы 23 маусымдағы N 633 U010633_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдік, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында: 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі бойынша: 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасында: 32 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды өткізу" кіші бағдарламасындағы "26 925" деген сан "17 492" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы кіші бағдарламамен толықтырылсын: "34 Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу 9 433"; 2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: IV "Шығыстар" бөлімінде: 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында: 690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі бойынша: 30 "Сайлаулар өткізу" бағдарламасы мынадай мазмұндағы кіші бағдарламамен толықтырылсын: "34 Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың), кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу Іс-шаралар". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.