Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 P000023_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "7616 99 100" деген сандардан кейін "қара және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын," деген сөздердің алдынан "7204*, 740400 ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; "сондай-ақ" деген сөздерден кейін "7302, 8607* ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; "тек қана темір жол" деген сөздерден кейін "және теңіз" деген сөздермен толықтырылсын; "Түсті металдардың" деген сөздер "Қара және түсті металдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын: "* Тауар номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді. * Көрсетілген тауарлардың тасымалдау түрлеріне экспортты шектеу Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды". 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.