Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

      Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін дайындау және олардың сот төрелігін жүргізу жөніндегі кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы судьялар мен сот

 

жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік

мекемесі (бұдан әрі - Институт) құрылсын.

     2. Институттың штат санының лимиті 26 бірлік болып белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

     1) Институттың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында

мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.