Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түріндегі отындық сүректерін экспорттауға тыйым салуды енгізу туралы

      Ормандарды сақтау, заңсыз кесудің өсімін азайту мақсатында және "Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952368_ 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын (ТМД СЭҚ ТН коды 4403 10 - 4403 20) және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түріндегі отындық сүректерін (ТМД СЭҚ ТН коды 4401 10 000-ден) экспорттауға тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түріндегі отындық сүректерін экспорттауға тыйым салуды енгізгені туралы белгіленген тәртіппен Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетін хабардар етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Жуманазарова А.Б.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.