Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

      Оқу орындарының оқу-материалдық базасын сақтау, олардың педагогикалық құрамын нығайту, оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру, білім беру процесінің үздіксіз қағидатын іске асыру және мәдениет пен өнер саласында барынша сапалы, жаңа деңгейде жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттік мекемесі оған "Республикалық көркемсурет колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

      3. Қайта ұйымдастырылған мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.