Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат); 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде: 
      11-тармақта: 
      сегізінші абзацта "жылжитын мүлік кепілдігін және" деген сөздерден кейін "қаржы лизингі шарттарын," деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: 
      "өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;"; 
      12-тармақта: 
      4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "қаржы лизингінің шарттарын тіркеу;"; 
      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: 
      "11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында: 
      әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету; 
      бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау."; 
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771  P990771_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 
      10-тармақта: 
      1) тармақша "жылжымалы мүліктің кепілін" деген сөздерден кейін "және қаржы лизингінің шарттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
      7-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен бағалау қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      7-3) бағалаушылардың кәсіби даярлауды жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қойылатын талаптардың тізбесін келісу;
      7-4) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі