Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) "Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29
наурыздағы N 405
P010405_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
2001 ж., N 12, 135-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығында лизингті
ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесінде:
1-тармақтағы "1 000 000 000" (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700
000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген
сөздермен ауыстырылсын;
2) "Республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19
қарашадағы N 1491
P011491_
қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша
сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде:
1-тармақтағы "1 000 000 000 (бір миллиард)" деген сөздер "1 188 700
000 (бір миллиард бір жүз сексен сегіз миллион жеті жүз мың)" деген
сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі