"Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын орындау үшiн және "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттiк бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы N 102 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі
________________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмгерi
1. Құны: 650 364 мың теңге (алты жүз елу миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңының 8, 18, 21-24-баптары; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы; "Қызмет бабында пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы ; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнің қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің орталық аппаратын, оның комитеттерін және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспары:
N !Бағдар.!Кіші !Бағдарламаның !Бағдарламаны (кіші! Іске ! Жауапты
!коды !бағдар.!(кіші бағдар. !бағдарламаны) іске! асыру !орындаушылар
! !коды !ламаның) атауы! асыру жөніндегі !мерзімі!
! ! ! ! іс-шаралар ! !
! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 001 Әкімшілік
шығындар
001 Орталық орган. Штат санының бек. жыл Қазақстан
ның аппараты ітілген лимитіне бойы Республикасы.
сәйкес 464 бірлік ның Көлік
көлемінде Қазақстан және коммуни.
Республикасы Көлік кациялар
және коммуникация. министрлігі
лар министрлігінің
орталық аппаратын
және оның комитет.
терін ұстау <*>
002 Аумақтық Штат санының бек.
органдардың ітілген лимитіне
аппараттары сәйкес 1035 бірлік
көлемінде Қазақстан
Республикасы Көлік
және коммуникация.
лар министрлігі Коми.
теттерінің аумақтық
органдарын ұстау
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.09. N 1291 қаулысымен.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау.