Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі:
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 234-1-жолмен толықтырылсын:

"234-1    ТМД елдерінде шығарылған,              8802 11 100-ден,
          шығарылған күнінен бастап              8802 12 100-ден,
          пайдалануда 15 жылдан көп емес         8802 20 100-ден,
          болған;
          ТМД-ға кірмейтін елдерде               8802 30 100-ден,
          шығарылған, шығарылған күнінен         8802 40 100-ден".
          бастап пайдалануда 10 жылдан
          көп емес болған азаматтық
          тікұшақтар мен ұшақтар

     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.