Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығын iске асыру жөніндегi шаралар туралы

      ЕСКЕРТУ. Мәтiндегi "сауда" деген сөз "бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1184 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының Стратегиялық жоспары (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар) негiзiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзсiн. <*>
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келiсiм бойынша) қажеттiлігіне қарай Стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегі ұсыныстарын жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау  министрлігіне енгiзсiн. <*>
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі қажеттiлiгiне қарай Стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегі ұсыныстарын жыл сайын 20 ақпанға Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.