Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

2002 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы

      "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылға арналған көлем: мемлекеттік азық-түліктік астық резерві 500 000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде; мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына сатып алу 450 000 (төрт жүз елу мың) тонна мөлшерінде белгіленсін. 2. 2002 жылға арналған пайдалану көлемі: мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде; мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.