Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2024 № 971 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 101 қаулысымен.3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1589 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 101 қаулысымен.
Қазақстан РеспубликасыЕскерту. Нысан мен үлгі алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан РеспубликасыЕскерту. Біліктілік талаптары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 686 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20 N 367 Қаулысымен.