Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Алматы" және "Еңбек-Ерменсай" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.
2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1439 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.
3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін. <*>
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1439 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;
2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 30 мамырдағы
N 596 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің
республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта
құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері
"Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес
мемлекеттік кәсіпорындарының
Тізбесі
1. "Еңбек-Ақтөбе" еншілес "Еңбек-Ақтөбе" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
2. "Еңбек-Атырау" еншілес "Еңбек-Атырау" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
3. "Еңбек-Өскемен" еншілес "Еңбек-Өскемен" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
4. "Еңбек-Тараз" еншілес "Еңбек-Тараз" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
5. "Еңбек-Орал" еншілес "Еңбек-Орал" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
6. "Еңбек-Қарағанды" еншілес "Еңбек-Қарағанды" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
7. "Еңбек-Қызылорда" еншілес "Еңбек-Қызылорда" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
8. "Еңбек-Қостанай" еншілес "Еңбек-Қостанай" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
9. "Еңбек-Ақтау" еншілес "Еңбек-Ақтау" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
10. "Еңбек-Павлодар" еншілес "Еңбек-Павлодар" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
11. "Еңбек-Қызылжар" еншілес "Еңбек-Қызылжар" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
12. "Еңбек-Шымкент" еншілес "Еңбек-Шымкент" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
13. "Еңбек-Алмас" еншілес "Еңбек-Алмас" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
14. "Еңбек-Гранит" еншілес "Еңбек-Гранит" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
15. "Еңбек-Семей" еншілес "Еңбек-Семей" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
16. "Еңбек-Тас" еншілес "Еңбек-Тас" түзеу мекемелерінің