1. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші
жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4
қыркүйектегі N 677
U010677_
Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі қаулы етеді:
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 19 маусымдағы
N 675 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының
шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы N 129
P930129_
қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 5, 56-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау
жөніндегі уақытша қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1993 жылғы 15 қыркүйектегі N 883 қаулысының 6-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19
ақпандағы N 129 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы N 492
P980492_
қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 16, 143-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері
жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы N 1540
P001540_
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 496-құжат).
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.