Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулердi енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 159-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
"СЭҚ TH коды       Тауардың атауы         2001         жылға
                                          арналған     квота
                                          көлемі"
      деген жолдағы:
      "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын;
      мына жол:
"2710 00 250        басқалары                 1000 тонна"
мынадай редакцияда жазылсын:
"2710 00 250        басқалары                 4000 тонна";
      мына жол:
"2710 00 210        уайт-спирит                100 тонна"
алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін осы қаулының 1-тармағына сәйкес өзгерістер енгізілетіндігі туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.