Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
      5-тармақтың з) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесінде:
      мына:
      "Қара металдардың қалдықтары мен                      7204
      сынықтары; қайта қорытуға арналған
      қара металдар құймалары (шихталық
      құймалар)
      Темiр жол немесе трамвай                          7302-ен*
      жолдарына пайдалануға арналған
      қара металдар бұйымдары:
      рельстер, рельстердi қосуға және
      бекiтуге арналған қатырма рельстер
      және тiстi рельстер, ауыстырғыш
      рельстер, нығарланып
      қиыстыратын шаңбақтар,
      ауыстырғыш аспалар және басқа да
      көлденең жалғағыштар, түйiстiрушi
      жапсырмалар және астарлар,
      сыналар, тірек тақталары, ілмекті
      рельс бұрандалары, көпшiктер
      және тартқылар, көтерме аяқтар,
      көлденең белдiктер және басқа да
      бөлшектер
      Темiр жол немесе трамвай                             8607*
      локомотивтерінің немесе жылжымалы
      құрамның бөлiктерi
      Мыс қалдықтары мен сынықтары                        7404 00
      Өңделмеген қайталама алюминий                  7601 20 910,
      қорытпалар: кесек түрінде басқалар   7601 20 990, 7603-7616
      және олардан жасалған бұйымдар               (тек қайталама
                                                  қорытпалардан)"
деген жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.