Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен:
      1) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн мынадай құрамда сайлауды қамтамасыз етсiн:
      Қайрат Молдрахманұлы Смағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
      Нәйлә Құрманбекқызы Абдулина - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
      Жомарт Рахымбекұлы Мәжренов - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметiнiң директоры (келiсiм бойынша);
      Нұрлан Зайроллаұлы Нығматуллин - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
      Нұрлан Құсайынұлы Рахметов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Эдуард Карлович Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
      Iзетәлi Шаймерденұлы Тiлешов;
      2) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiне "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамы президентiнiң лауазымына сайлау үшiн Iзетәлi Шаймерденұлы Тiлешовтың кандидатурасын ұсынсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.