Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналған жабдықты импорттаған кезде, әкелінетін жабдықтың төлем карточкаларымен қызмет көрсетуге арналғанын растайтын, оның ішінде шет ел тілдерінде жасалған құжаттар (техникалық паспорттар, сызбалар, суреттер, коммерциялық және өзге де құжаттар) ұсынылады.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.