Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

      Шалғымбаев              - "Қазақстанның Даму Банкі" жабық
      Қамбар Басарғабызұлы      акционерлік қоғамы басқармасының
                                төрағасы (келісім бойынша).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі