Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде адамдардың жекелеген санаттары үшiн қабылдау квотасын белгiлеу туралы

       Ескерту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.28.  N 296  Қаулысымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн:
      1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз;
      3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
      4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз. <*>
       Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.06. N  1276  қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі