Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен.

      Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және 1992 жылғы 22 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мәскеу қаласында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігі құрылсын.

      Ескерту. Тақырыбы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 455 қаулысымен.

      2. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылсын.

      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 455 қаулысымен.

      3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің штат саны 12 бірлік санында бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.26 N 858 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.