Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Республикалық меншіктің кейбір мәселелері

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғ., 44-үй мекен-жайындағы ауданы 467,8 м2 үй-жай Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласының әкімиятымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген үй-жайды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.

      3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілетін объектілердің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 395-жолмен толықтырылсын:
      "395. Алаңы 467,8 м2 үй-жай            Достық даңғ. 44-үй".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.