Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 45-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының шекарасын карантиндiк және аса қауiптi инфекциялардың әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi оны: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мен "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне (бұдан әрi - Органдар) аталған Комитеттiң аумақтық органдары штат санының бекiтiлген лимитi шегiнде бөлу жолымен;
2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттiк мекемесi оны: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Солтүстiк-Батыс аймақтық әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мен "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк-Шығыс аймақтық әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемелерiне (бұдан әрi - Мекемелер) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың бөлу теңгерiмдерiн, органдар туралы ережелерiн, мекемелердiң жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1293 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604
қаулысымен
.
2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
5 "Денсаулық сақтау" деген функционалдық топта:
2 "Халықтың денсаулығын қорғау" деген кiшi функцияда:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген әкімшi бойынша:
051 "Қатерлi жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жүргiзу" деген бағдарламада:
032 кішi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Оңтүстiк-Шығыс аймақтық
әуе көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 5744,7";
мынадай мазмұндағы 000 кішi бағдарламамен толықтырылсын:
"000 Солтүстiк-Батыс аймақтық
әуе көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы 472,3".
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N
1125
қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы N 143
қаулысына
:
көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақта:
051 "Aca қауiптi жұқпалардың алдын алу және оларға қарсы күрес" деген бағдарламасында:
032 кiшi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Оңтүстiк- Осы мекемеге 2002 Қазақстан
Шығыс жүктелген жыл Республикасының
аймақтық функцияларды Денсаулық сақтау
әуе көлiгiндегi орындауға министрлігі
санитарлық- бекітілген штат Мемлекеттiк
эпидемиологиялық санының санитарлық-
сараптама 26 бiрлiгiмен эпидемиологиялық
орталығы Оңтүстiк- қадағалау комите.
Шығыс тінің Оңтүстік-
аймақтық әуе Шығыс аймақтық
көлiгiндегi әуе көлiгiндегi
санитарлық- санитарлық-
эпидемиология. эпидемиологиялық
лық сараптама сараптама
орталығын ұстау орталығы";
мынадай мазмұндағы 000 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"000 Солтүстiк- Осы мекемеге 2002 Қазақстан
Батыс жүктелген жыл Республикасының
аймақтық функцияларды Денсаулық сақтау
әуе орындауға министрлiгi
көлiгiндегi бекітілген штат Мемлекеттiк
санитарлық- санының санитарлық-
эпидемиологиялық 11 бiрлiгiмен эпидемиологиялық
сараптама Солтүстiк-Батыс қадағалау кoмите.
орталығы аймақтық әуе тiнiң Солтүстiк-
көлiгiндегi Батыс аймақтық
санитарлық- әуе көлiгiндегi
эпидемиология. санитарлық-
лық сараптама эпидемиологиялық
орталығын ұстау сараптама
орталығы".